Конгресс туралы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен II. Халықаралық Түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресі 2026 жылдың 14-15 мамыр күндері онлайн форматта өтеді.
Конгрестің негізгі мақсаты ‒ түркі тілдес елдердің ғылыми қауымдастығы арасындағы өзара ықпалдастықты арттыру, жасыл энергетика мен экологиялық зерттеулердің қарқынды дамуына жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар, Конгресс «Таза Қазақстан» бағдарламасымен үндесе отырып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған ғылыми бастамалар мен инновациялық жобаларды қолдауды көздейді.
II. Халықаралық Түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресінің негізгі тақырыбы: «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы».
Конгресс жұмысының негізгі (секциялары) бағыттары:
- Түркі тілдес елдердің экологиялық проблемалары.
- Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату.
- Экологиялық биотехнология және қолданбалы микробиология.
- Жасыл энергияның болашағы және инновациялық технологиялар.
- Жаңартылатын энергия, тұрақты даму және қоршаған орта.
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы, экологиялық білім және мәдениет.
Конгрестің «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы» негізгі тақырыбы аясында ұсынатын баяндамаларыңыз қазақ, түрік, ағылшын және басқа түркі тілдерінде қабылданады.
Конгрестің «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы» негізгі тақырыбы аясында ұсынатын баяндамаларыңыз қазақ, түрік, ағылшын және басқа түркі тілдерінде қабылданады.
Конгреске тіркелу, баяндама жіберу ecology.institute@ayu.edu.kz електронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Конгресске қатысты сұрақтарыңызды ecology.institute@ayu.edu.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.
.png)